|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Валерьянов негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Валерьяновская основная средняя школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
11
Наурыз
2026
|
Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының баспасөз және ақпарат фракциясының мүшелері құрмет, қауіпсіздік және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне нөлдік төзімділік құндылықтарын қолдауға бағытталған «Qurmet» челленджіне қатысты.
Челлендж аясында оқушылар мен педагогтер арасында «Qurmet сіз үшін нені білдіреді?» деген сұрақ бойынша сауалнама жүргізілді.
Қатысушылар құрмет ұғымы туралы өз ойларымен бөлісіп, ізгі қарым-қатынастың, алғыс айтудың, қолдаудың және жеке шекараны сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Өткізілген шара мектепте өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіз орта құруға ықпал етті.
|
25
Ақпан
2026
|


Мектеп асханасындағы бракераж комиссиясының жұмысы
Мектеп асханасында тамақ сапасына тұрақты түрде бақылау жүргізіледі. Бракераж комиссиясы күн сайын дайын тағамдарды оқушыларға берер алдында тексеруден өткізеді.
Комиссия жұмысы барысында:
- тағамдардың сыртқы түрін, дәмін және иісін тексереді;
- санитарлық талаптардың сақталуын бақылайды;
- мәзірдің бекітілген ас рационына сәйкестігін қадағалайды;
- азық-түліктердің сақтау жағдайын тексереді;
- тексеру нәтижелерін бракераж журналына тіркейді.
Комиссияның оң қорытындысынан кейін ғана тағамдар таратылуға жіберіледі.
|
25
Ақпан
2026
|
18.02.2026 жылы "Ағалардың мектебі» клубы аясында «Ата мен немерелер» атты дойбыдан турнир өтті.
Жарысқа аталар немерелерімен бірге қатысып, дойбы ойнаудағы жоғары шеберліктерін ғана емес, сондай-ақ бірлесіп жұмыс істеу, бір-біріне қолдау көрсету және ортақ жетістікке қуана білу қабілеттерін де көрсетті.
Осындай іс-шаралар "Ағалардың мектебі" клубында отбасылық қарым-қатынас дәстүрлерін дамытуға, өмірлік тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге және балалардың үлкен буынға деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.
|
25
Ақпан
2026
|

ББЖМ-ға дайындық аясында 4 және 9-сыныптарда
«Эмоцияларды қалай басқаруға болады» тақырыбында сабақтар өткізілді.
Іс-шаралар білім алушылардың эмоционалдық тұрақтылығын дамытуға, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға және бағалау рәсімдеріне психологиялық дайындық деңгейін арттыруға бағытталды.
Жүргізілген жұмыс білім алушылардың эмоционалдық әл-ауқатын нығайтуға және МОДО-ға дайындық кезеңінде өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға ықпал етті.
|
24
Ақпан
2026
|



Бүгін Валерьянов негізгі орта мектебінің шағын орталық тәрбиеленушілері тәрбиеші Илеуова К.К ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес «Терезедегі бақша» жобасының жылдағыдай жұмысын бастады. Жоба аясында тәрбиеленушілермен бірлесіп топырақ дайындалып, тұқым себу жұмыстары жүргізілді. Балалар өсімдіктерді күтіп-баптау дағдыларын меңгеріп, еңбекке баулу және табиғатқа ұқыпты қарау туралы түсініктерін кеңейтті. Жобаның негізгі мақсаты – экологиялық тәрбие беру және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
|
24
Ақпан
2026
|

Бүгін шағын орталыққа "Әжелер мектебі" мүшесі Сарай әже келді. Әже балаларға қызықты ертегі оқып берді. Балалар әженің айналасына жиналып, ертегіні қызыға тыңдады. Сарай әже ертегіні мәнерлеп оқып, кейіпкерлердің дауысын салып берді. Балалар ертегіден көп жақсы тәлім алды. Кездесу өте әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор болды.
|
24
Ақпан
2026
|

Валерьянов мектебінде ұлттық дәстүрлерді сақтау және оқушылардың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ұлттық ойындар» секциясы өз жұмысын жалғастыруда.
Секция жұмысы барысында қазақтың ең танымал ұлттық ойындарының бірі — асық атуға ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылар ату техникасын меңгеріп, мергендігін, ептілігін және стратегиялық ойлау қабілеттерін жетілдіруде.
Балалар асық ату бойынша аудандық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, жоғары дайындық деңгейі мен спорттық рухтарын көрсетіп жүр.
Аталған секция мектептің тәрбие жұмысының маңызды бөлігі болып табылады және оқушылардың ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді






