|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Валерьянов негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Валерьяновская основная средняя школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
17
Сәуір
2026
|

2026 жылдың 17 сәуір "Тұлпар мініп ,ту алған" облыстық жобаның аудандық кезеңі өтті. Аталмыш конкурсқа 5 сынып оқушысы Нағашыбай Инабат қатысып, 3 орынға ие болды.
|
17
Сәуір
2026
|


Сынып сағаты: «Ғарышкерлер келбеті» 🚀
3–4 сынып оқушылары арасында «Ғарышкерлер келбеті» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар ғарыш әлемі, ғарышкерлердің өмірі мен еңбегі туралы қызықты мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, батылдық, табандылық, білімге деген құштарлық сияқты қасиеттердің маңызын түсінді.
Мақсаты:
Оқушыларға ғарышкерлердің ерлігі мен еңбегін үлгі ету, ғылымға қызығушылығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар ғарыш туралы білімдерін кеңейтеді, ғарышкерлердің қандай қасиеттерге ие болуы керектігін түсінеді, арман-мақсаттарын айқындайды.
Сынып жетекшісі: Зулкарнаева Ж
|
8
Сәуір
2026
|
Театралық қойылым
«Еңбек – арманға жол»
5-6 Б сынып
Мақсаты: Оқушыларға еңбектің өмірлік мақсаттарға жетудегі маңызын түсіндіру, кез келген мамандыққа құрметпен қарауға тәрбиелеу, табандылық, жауапкершілік және өзін-өзі дамытуға ұмтылу қасиеттерін қалыптастыру
|
8
Сәуір
2026
|

Валерьянов негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталық тағы "Терезедегі бақша" жобасы әрі қарай жалғасуда. Балалар өсімдіктерге күтім жасап, күн сайын бақылау жүргізуде. Олар су құю, жарықтың әсерін байқау арқылы табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыруда. Бұл жоба балалардың жауапкершілігін дамытып, еңбекке баулиды.
|
18
Наурыз
2026
|
«Жас құтқарушы» жасағының мүшелері 1–4 сынып оқушыларына арналған «Алғашқы медициналық көмек көрсету» атты интерактивті ойын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша бастапқы білім мен дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды дамыту.
Оқушыларға төтенше жағдайларда қалай дұрыс әрекет ету керектігі, кімнен көмек сұрау қажет екені және ересектерді немесе жедел қызметтерді қалай шақыру керектігі түсіндірілді.
Іс-шара ойын түрінде және балаларға түсінікті форматта өтті: оқушылар сұрақтарға жауап беріп, практикалық тапсырмалар орындады, түрлі өмірлік жағдайларды сахналап, алғашқы көмек көрсетуді үйренді.
Ойын соңында балалар алғашқы көмек көрсету туралы білімнің өте маңызды екенін түсінді.








