

Оқу жылының соңы — әрдайым қорытынды жасайтын уақыт. Бүгін Валерьяновка мектебінде «Үздік табыстары үшін» мақтау қағаздарын ресми табыстау рәсімі өтті. Біздің оқушыларымыз Жансүгірова Ақмаржан, Романюк Елизавета және Тарасенко Нелли өздерінің білімі, табандылығы мен еңбекқорлығы үшін лайықты марапаттарын алды.
Үздік оқушы болу — тек дарынды ғана емес, сонымен қатар үлкен табандылықты, тәртіп пен өз мақсатына ұмтыла білуді талап ететін зор еңбек. Қыздар, сендер — нағыз үлгі тұтарлық жансыңдар, мектебіміздің зияткерлік қоры әрі мақтанышысыңдар!






