|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Валерьянов негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Валерьяновская основная средняя школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
5
Желтоқсан
2025
|


Идеологиялық «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында 1–9-сынып оқушылары үшін мектеп фойесінде бейнероликтер көрсету ұйымдастырылды. Есірткіге тәуелділікке, алкоголизмге, лудоманияға, дропперлікке, буллингке және басқа да әлеуметтік жағымсыз құбылыстарға қарсы іс-қимыл тақырыптарында деректі фильмдер мен әлеуметтік роликтердің тізімі дайындалды.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың салауатты және қауіпсіз өмір салтына қатысты берік құндылықтарын қалыптастыру, құқықтық мәдениетін арттыру, сыни ойлау дағдыларын дамыту және өз мінез-құлқына саналы көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуының алдын алу.
|
3
Желтоқсан
2025
|
Оқушылардың интернетте қауіпсіз әрі жауапты әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, жеке деректерді қорғау жолдарын меңгерту және онлайн-қатерлерді тану қабілеттерін дамыту.
|
2
Желтоқсан
2025
|
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» жобасы аясында Валерьянов кітапханасында оқушылардың жоба кітаптарына қолжетімділігін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Оқушылардың ыңғайы үшін QR-кодтары бар буклеттер дайындалып, басып шығарылды. Бұл QR-кодтар арқылы ұсынылған кітаптарды тез жүктеп алуға болады. Материал оқушыларға таратылды, мұндай формат әдебиеттерге қолжетімділікті жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра түседі.
|
2
Желтоқсан
2025
|
Тәрбие сағаты «Біртұтас Жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ»
5-6 сынып
Оқушылардың халықтар арасындағы бірлік пен өзара құрмет сезімін қалыптастыру, жер бетіндегі бейбітшілік, келісім және ортақ болашақ үшін жауапкершіліктің маңызын түсіндір
|
2
Желтоқсан
2025
|

Валерьянов негізгі орта мектебінің шағын орталық тәрбиеленушілері «Өнерім саған, Қазақстан!» республикалық фестивалінің аудандық кезеңіне қатысып, өз өнерін жоғары деңгейде көрсетті. Жас таланттың талпынысы мен шығармашылығы бағаланып, 3-орын иеленді. Бұл — баланың өнерге деген қызығушылығы мен еңбегінің жемісі.
Құттықтаймыз!
|
30
Қараша
2025
|

27.11.2025 ж. Валерьянов мектебінде директор Утепова Г.Е. жетекшілігімен педагогикалық ұжымның қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкілінің кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу саласында бірқатар білім беру ұйымдарында жол берілген бұзушылықтар көрсетілген хаты қаралды.
Руководитель профилактикалық жұмысты күшейтудің қажеттілігін атап өтті. Әлеуметтік педагогқа оқу жылы ішінде білім алушылардың психологиялық жағдайын мониторингтен өткізу, АСППМ HR+ платформасы арқылы жеке даму траекторияларын құру және оның нәтижелері туралы мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілеріне дер кезінде хабарлап отыру тапсырылды.
Шешілді:
1.Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкілінің хатын назарға алу.
2.Педагог-психологтың болмауына байланысты сауалнамалар жүргізу, тәуекелдерді мониторингтеу, құжаттаманы жүргізу және әкімшілікке жедел ақпарат беру жауапкершілігін әлеуметтік педагогқа бекіту.
3.Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайларда Психологиялық қолдау орталығымен, қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен және басқа да уәкілетті құрылымдармен тұрақты өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету.
4.АСППМ платформасындағы жұмыс мәселелерін аптаның әр дүйсенбісі сайын қарастырып отыруды ұйымдастыру.
|
28
Қараша
2025
|


Бүгін балалармен тазалық сақтау және қол жуу туралы әңгіме жүргізілді. Балалар қолды қашан және не үшін жуу керек екенін білді. Тамақтанар алдында, далада ойнап келген соң, дәретханадан кейін қол жуу – денсаулықты сақтаудың маңызды бөлігі екені түсіндірілді. Сабын мен судың микробтардан қорғайтыны айтылып, тәжірибе арқылы да көрсетілді. Балалар өз қолдарын дұрыс жуып үйреніп, тазалықты сақтау — әр баланың әдетіне айналуы керектігіне көз жеткізді






