ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Валерьянов негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Валерьяновская основная средняя школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
с. Валерьяновка, ул. Школьная, 36
8 (71436) 3-85-68
kgu_valerianovskay_osh@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Валерьянов негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Валерьяновская основная средняя школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
2
Маусым
2026

2 маусым күні «Балдаурен» мектеп жанындағы жазғы лагерінде қызықты әрі мазмұнды Ертегілер күні өтті.
Күн таңғы жаттығудан және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан басталды. Одан кейін балалар ауылдық кітапханаға барып, қызықты кітаптармен танысып, сүйікті ертегілер әлеміне саяхат жасады.
Күні бойы оқушылар қызығушылықтарына қарай үйірмелерге қатысып, шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа білім алды. Түскі астан кейін балалар «Мен жазды суреттеймін» атты асфальтқа сурет салу байқауына қатысып, өз қиялдары мен көңіл күйлерін түрлі-түсті суреттер арқылы бейнеледі.
«Балдаурен» лагеріндегі Ертегілер күні қызықты, танымдық әрі көңілді өтіп, балаларға жарқын әсерлер мен ұмытылмас естеліктер сыйлады

28
Мамыр
2026

WhatsApp Image 2026 05 28 at 10.24.24

WhatsApp Image 2026 05 28 at 10.24.25

Балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шомылуға қауіпті орындарға мектеп қызметкерлері тарапынан тыйым салатын тақтайша орнатылды. Аталған орын шомылуға арналмаған, себебі ол балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске саламыз. Шомылуға тек арнайы жабдықталған және ресми түрде рұқсат етілген орындарда ғана рұқсат беріледі.
❗ «Шомылуға тыйым салынады» деген тақтайшалар орнатылған жерлерде суға түсуге қатаң тыйым салынады. Бұл аумақтар шомылуға арналмаған және қатты ағыс, судың тереңдігі, түбінің тегіс емес әрі тексерілмеген болуы, құтқару бекеттерінің болмауы және басқа да қауіп факторлары салдарынан балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Ата-аналардан балалармен судағы қауіпсіздік ережелері туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмауды және ескерту белгілері мен тақтайшалардың талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтайық!

26
Мамыр
2026

Валерьянов мектебінде түлектер, ұстаздар мен ата-аналар үшін маңызды әрі әсерлі мереке — Соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті.
Мектеп басшысы құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге өз күштеріне сенімді болып, жарқын болашаққа қадам басып, армандары орындалып, алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдірді.
Түлектерге ата-аналар тарапынан да жүрекжарды құттықтаулар мен ақ тілектер айтылды.
Бұл күні түлектер үшін мектеп өмірімен қоштасудың және жаңа өмір кезеңінің басталуын білдіретін соңғы қоңырау соғылды. Мерекелік көңіл-күй, шат күлкі, әсем әуендер мен әсерлі сәттер бұл күнді барша қатысушылар үшін ерекше әрі есте қаларлықтай етті.

26
Мамыр
2026

WhatsApp Image 2026 05 25 at 16.39.54

WhatsApp Image 2026 05 25 at 16.40.04

7-8 «Б» сыныбында «Заң мен тәртіп – Халық Конституциясының құндылықтары» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Іс-шара барысында оқушылар қауіпсіздік мәселелерін, Заң мен Тәртіпті сақтау қағидаларын, «Таза Қазақстан» бастамасын, еңбектің маңызын, үлкендерді құрметтеу мен кішіге қамқор болуды, жазғы демалысты тиімді ұйымдастыруды және каникул кезінде кітап оқудың пайдасын талқылады.

Сынып сағаты оқушылардың бойында патриотизмді, жауапкершілікті, бірлік пен жалпыұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті.

15
Мамыр
2026

WhatsApp Image 2026 05 14 at 11.22.53WhatsApp Image 2026 05 14 at 11.22.58 2

WhatsApp Image 2026 05 14 at 11.22.57

Валерьянов негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталықта "Отбасы күніне" орай ата- аналармен тәрбиеленушілердің қатысуымен «Әке, Ана және Мен» атты көңілді эстафеталық сайыс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ата-аналар мен балалар түрлі спорттық ойындарға қатысып, ұйымшылдық пен белсенділік танытты. Отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мереке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.

 

17
Сәуір
2026

17.04.2026 ж. «Жасыл апта» республикалық экологиялық челленджі аясында КГУ Валерьяновская общеобразовательная средняя школа мектебінде сенбілік өткізілді.
Іс-шараға педагогикалық ұжым, техникалық қызметкерлер, мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар қатысты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде мектеп аумағы мен оған жақын орналасқан жерлер тазартылып, жолдар ретке келтірілді, қоқыс жиналып, гүлзарлар мен жасыл аймақтар абаттандырылды.
Осындай игі істер адамдарды біріктіріп, табиғатқа деген жанашырлықты тәрбиелейді және тазалық әр адамнан басталатынын еске салады.

17
Сәуір
2026

WhatsApp Image 2026 04 17 at 14.14.00

2026 жылдың 17 сәуір "Тұлпар мініп ,ту алған" облыстық жобаның аудандық кезеңі өтті. Аталмыш конкурсқа 5 сынып оқушысы Нағашыбай Инабат қатысып, 3 орынға ие болды.

17
Сәуір
2026

WhatsApp Image 2026 04 13 at 14.14.16WhatsApp Image 2026 04 13 at 14.14.16  WhatsApp Image 2026 04 13 at 14.14.43WhatsApp Image 2026 04 13 at 14.14.49WhatsApp Image 2026 04 13 at 14.14.55

Сынып сағаты: «Ғарышкерлер келбеті» 🚀

3–4 сынып оқушылары арасында «Ғарышкерлер келбеті» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар ғарыш әлемі, ғарышкерлердің өмірі мен еңбегі туралы қызықты мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, батылдық, табандылық, білімге деген құштарлық сияқты қасиеттердің маңызын түсінді.

Мақсаты:
Оқушыларға ғарышкерлердің ерлігі мен еңбегін үлгі ету, ғылымға қызығушылығын арттыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:
Оқушылар ғарыш туралы білімдерін кеңейтеді, ғарышкерлердің қандай қасиеттерге ие болуы керектігін түсінеді, арман-мақсаттарын айқындайды.
Сынып жетекшісі: Зулкарнаева Ж

© 2026. Все права защищены.