|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Валерьянов негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Валерьяновская основная средняя школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
18
Наурыз
2026
|
Валерьянов мектебінде көктемнің ең маңызды әрі сүйікті мерекелерінің бірі — Наурызға арналған «Наурыз той» атты мерекелік концерт өтті.
Іс-шара барысында оқушылар ұлттық әндер айтып, билер билеп, қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бейнелейтін сахналық көріністер көрсетті. Ұлттық киімдер, музыкалық сүйемелдеу және залдың көркем безендірілуі мерекеге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Осындай іс-шараларды өткізу ұлттық дәстүрлерге деген құрметті арттыруға, патриоттық тәрбие беруге және мектеп ұжымының бірлігін нығайтуға ықпал етеді.
|
17
Наурыз
2026
|
Бүгін Валерьянов негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталықта тәрбиеші К. К.Илеуованың ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлттық дәстүрін дәріптеу мақсатында «Бесікке салу» рәсімі өткізілді. Іс-шараға әжелер мен аналар қатысып, бесіктің қасиеті мен маңызын түсіндіріп, салт-дәстүрдің тәрбиелік мәнін көрсетті.
Балалар ұлттық құндылықтармен танысып, үлкендердің ақ батасын алды.
Ұрпаққа өнеге болатын осындай игі шаралар жалғасын таба берсін!
|
17
Наурыз
2026
|
Валерьянов мектебінде мектептің өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары Наурызнама мерекесінің дәстүрлеріне арналған «Көрісу күні – Амал мерекесі» күнін өткізді. Оқушылар ұлттық салт-дәстүрлермен танысып, дәстүрлі бауырсақ пісіріп, іс-шараға белсене қатысты. Сондай-ақ олар үлкен буын өкілдерін алдағы мерекемен құттықтады.
Мұндай іс-шаралар дәстүрлерге деген құрметті тәрбиелеуге, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға, ұлтаралық келісімді дамытуға және барлық қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлауға көмектеседі.
|
10
Наурыз
2026
|

2026 жылдың 05 наурызында "Әбіш оқулары" республикалық байқауы аудандық кезеңі өтті. Аталмыш конкурсқа 8 сынып оқушысы Тарасенко Нелли қатысып, 3 орынға ие болды. Жетекші қазақ тілі мұғалімі Даушева Г.Д.
|
10
Наурыз
2026
|
02.03.2026 ж. мектебімізде полиция ардагері Мукумов Серік Шакиржанұлымен профилактикалық кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар терроризмнің алдын алу, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың профилактикасы, құқықтық сауаттылықты арттыру және айналадағы адамдарға құрметпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Полиция ардагері ойланбай жасалған әрекеттердің ауыр салдары болатынын түсіндіріп, жастардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылу жолдары туралы айтып берді. Сондай-ақ «жоқ» деп айта білудің және қиын жағдайда ересектерден көмек сұраудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өз сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
Осындай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға ықпал етеді
|
10
Наурыз
2026
|
5-6 сынып
Тәрбие сағаты:Алғыс айту күні
Мақсаты: Оқушылардың ата-анаға, ұстаздарға, достарына және әртүрлі ұлт өкілдеріне деген алғыс сезімін қалыптастыру; сыйластыққа, бірлікке және татулыққа тәрбиелеу.
|
10
Наурыз
2026
|
Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының баспасөз және ақпарат фракциясының мүшелері құрмет, қауіпсіздік және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне нөлдік төзімділік құндылықтарын қолдауға бағытталған «Qurmet» челленджіне қатысты.
Челлендж аясында оқушылар мен педагогтер арасында «Qurmet сіз үшін нені білдіреді?» деген сұрақ бойынша сауалнама жүргізілді.
Қатысушылар құрмет ұғымы туралы өз ойларымен бөлісіп, ізгі қарым-қатынастың, алғыс айтудың, қолдаудың және жеке шекараны сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Өткізілген шара мектепте өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіз орта құруға ықпал етті.






