

7-8 «Б» сыныбында «Заң мен тәртіп – Халық Конституциясының құндылықтары» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар қауіпсіздік мәселелерін, Заң мен Тәртіпті сақтау қағидаларын, «Таза Қазақстан» бастамасын, еңбектің маңызын, үлкендерді құрметтеу мен кішіге қамқор болуды, жазғы демалысты тиімді ұйымдастыруды және каникул кезінде кітап оқудың пайдасын талқылады.
Сынып сағаты оқушылардың бойында патриотизмді, жауапкершілікті, бірлік пен жалпыұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті.






