|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Валерьянов негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Валерьяновская основная средняя школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
10
Қазан
2025
|
Тәрбие сағаты 5-6 «Б» сынып
🎯 Мақсат:
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу, қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікті арттыру.
|
3
Қазан
2025
|


Бүгін мектепте «Реверсивті ауысым» атты Дублёр күні өтті. Бұл күні жоғары сынып оқушылары өзін мұғалім рөлінде сынап көрді, ал ұстаздар, керісінше, оқушының орнында болды. Іс-шара достық пен шығармашылық атмосферасында өтіп, барлық қатысушыларға жаңа әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
|
22
Қыркүйек
2025
|

Қиын болса — қоңырау шал
7–8 «Б» сыныптарында жасөспірімдермен психологиялық қолдау тақырыбында маңызды профилактикалық әңгіме өткізілді.
Біз өз сезімдерімізді ішке сақтамай, ашық айту маңызды екенін, көмекке қайдан жүгінуге болатынын және көмек сұрау — әлсіздік емес, қайта күштің көрінісі екенін талқыладық.
✨ Оқушылар сенім телефондары туралы білді, пайдалы жадынамалар алды және жай ғана шынайы әңгіме өрбітті.
Есіңде болсын:
📍 Сен жалғыз емессің.
📍 Әрқашан көмек сұрайтын жер бар.
📍 Қолдау жанында — тек қоңырау шал.
|
21
Қыркүйек
2025
|
17 қыркүйек 5-6 «Б» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты:
Мектеп пен ата-ананың арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқушылардың жетістіктері мен қиындықтарын талқылау, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде бірлескен шараларды анықтау.Сонымен қатар ,жиналыста ата - аналар комитеті сайланып , оның құрамына Ситкова Раиса Сергеевна және Досмухамбетова Айша Саиндукасовна
|
20
Қыркүйек
2025
|

г

«Таза Қазақстан» акциясы аясында мектеп орманшылығының балалары жасыл аймаққа қамқорлық көрсетті.
Олар ағаштардың түптерін тазалап, түскен жапырақтарды жинап, мектеп ауласын ретке келтірді.
Осындай ізгі істер табиғаттың әсемдігін сақтауға және балаларды оны аялауға тәрбиелейді.
|
17
Қыркүйек
2025
|
3–4 сынып — Буллингке қарсы!
Бүгін сыныбымызда "Буллингке жол жоқ!" тақырыбында маңызды әңгіме өткіздік.
Оқушылар мейірімділік, құрмет, бірлік туралы ойларымен бөлісті.
Біздің ұранымыз:
Бір-бірімізді ренжітпеу, қолдау, тыңдау, түсіну!







