ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Валерьянов негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Валерьяновская основная средняя школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
с. Валерьяновка, ул. Школьная, 36
8 (71436) 3-85-68
kgu_valerianovskay_osh@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Валерьянов негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Валерьяновская основная средняя школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз

02.03.2026 ж. мектебімізде полиция ардагері Мукумов Серік Шакиржанұлымен профилактикалық кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар терроризмнің алдын алу, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың профилактикасы, құқықтық сауаттылықты арттыру және айналадағы адамдарға құрметпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Полиция ардагері ойланбай жасалған әрекеттердің ауыр салдары болатынын түсіндіріп, жастардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылу жолдары туралы айтып берді. Сондай-ақ «жоқ» деп айта білудің және қиын жағдайда ересектерден көмек сұраудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өз сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды.
Осындай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға ықпал етеді

© 2026. Все права защищены.