

Мектепте Жас мамандар мектебінің
«Сабақты тиімді жоспарлау және өткізу» тақырыбында практикумы өтті.
Іс-шараның мақсаты — жас мамандардың сабақты сауатты жоспарлау, әртүрлі педагогикалық тәсілдерді қолдану және білім алушылардың назарын тиімді ұстай білу дағдыларын қалыптастыру.
Шеберлік сабақтарын мектептің тәжірибелі педагогтері өткізді:
Қожбанова М.Ж. — «Сабақта формативті бағалаудың әдістері мен тәсілдері»;
Даушева Г.Д. — «Сабақтарда құзыреттілік тапсырмаларды қолдану жолдары»;
Колыханова Ю.С. — «Интерактивті оқыту формалары мен әдістері арқылы орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың танымдық және шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыру».
Практикум барысында жас мамандар сабақ өткізу сапасын арттыруға және кәсіби дамуына ықпал ететін тәжірибелік ұсынымдар алды.






