



Ата-аналарды қолдау орталығының іс-шаралары аясында «Цифрлық дәуірдегі отбасылық құндылықтар» тақырыбында ата-аналар мен оқушыларға арналған тренинг өткізілді.
Тренинг барысында қатысушылар қазіргі технологиялардың отбасылық қатынастарға, тәрбиеге және ұрпақтар арасындағы қарым-қатынасқа қалай әсер ететінін талқылады. Арнайы назар гаджеттерді, әлеуметтік желілер мен онлайн ресурстарды қауіпсіз және саналы пайдалану, сондай-ақ цифрлық дәуірде дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау мәселелеріне аударылды.
Тренинг қатысушыларға тәжірибе алмасуға, практикалық кеңестер алуға және тез дамып жатқан технологиялар жағдайында отбасында гармония мен өзара түсіністікті қалай сақтау керектігі туралы ортақ түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді.






