ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Валерьянов негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Валерьяновская основная средняя школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области
с. Валерьяновка, ул. Школьная, 36
8 (71436) 3-85-68
kgu_valerianovskay_osh@mailin-roo.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Валерьянов негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Валерьяновская основная средняя школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
11
Ақпан
2026

WhatsApp Image 2026 02 10 at 15.27.06    WhatsApp Image 2026 02 10 at 15.27.06 1

WhatsApp Image 2026 02 10 at 15.27.06 2    WhatsApp Image 2026 02 10 at 15.27.07

«Музыка және театр» үйірмесінің жұмысы аясында, сондай-ақ «Оқитын мектеп» және «Балалар кітапханасы» жобаларын іске асыру мақсатында мектеп кітапханашысы шағын орталық тәрбиеленушілерімен «Ертегілер бетімен» атты әдеби сағат өткізді.
Іс-шара барысында балаларға «Қаршақыз» ертегісі оқылып, одан кейін «Ертегіні тап» атты ойын ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер шығарманы қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарға белсенді жауап беріп, ертегі кейіпкерлерін таныды.
Әдеби сағат жылы, жағымды атмосферада өтіп, балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға және бекітуге бағытталды.

11
Ақпан
2026

WhatsApp Image 2026 02 09 at 14.57.05

14 ақпан — Халықаралық кітап сыйлау күні.
«Шын жүректен кітап сыйла!» челленджі аясында оқушыларды, ата-аналарды және педагогтарды акцияға қатысуға шақырамыз.
Сіздер мектеп кітапханасына қызықты әрі пайдалы кітаптарды сыйлай аласыздар.
Кітап сыйлау акциясы 9–14 ақпан аралығында өтеді.
Сіздерді мектеп кітапханасында күтеміз!

 

11
Ақпан
2026

WhatsApp Image 2026 02 09 at 14.54.32  WhatsApp Image 2026 02 09 at 14.54.35

«Адал Азамат» Бірыңғай білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында Валерьяновка мектебінде
«Шын жүректен кітап сыйла!» челленджі өтуде. Акция барысында 7 «А» сынып оқушысы, Президенттік шыршаның қатысушысы Нағашыбай Ибрагим мектеп кітапханасына
«Қазақстан еліне ғажайып саяхат» атты энциклопедиялық басылымды сыйға тартты.
Челленджге белсенді қатысқаны, көрсеткен бастамасы және кітапқа деген ұқыпты көзқарасы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сыйға берілген кітап өз оқырмандарын тауып, жаңа білімнің көзіне айналып, оқушылардың танымдық көкжиегін кеңейтуге ықпал ететіні сөзсіз.
Осындай игі істер оқу мәдениетін қалыптастырып, жауапкершілік, жомарттық және рухани мұраға құрмет сияқты құндылықтарды тәрбиелейді.

11
Ақпан
2026

Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» жобасы аясында 7 «А» сынып оқушысы Нағашыбай Ибрагим жазушы Ғабит Мүсіреповтің Ұлпан кітабы бойынша өз оқырмандық пікірін бөліседі.
Өз пікірінде ол шығарманың мазмұнына тоқталып, оқығанынан алған әсерімен бөлісіп, басты кейіпкердің мінезі мен шығармада көтерілген өмірлік құндылықтар туралы ой қозғайды.

11
Ақпан
2026

WhatsApp Image 2026 02 05 at 18.02.01  WhatsApp Image 2026 02 05 at 18.02.02

«ЕҢБЕГІ АДАЛ – ЖАС ӨРЕН» жобасы аясында 9-сынып оқушылары болашақта өз өмірлерін байланыстырғысы келетін мамандықтары бойынша жобаларын өз бетінше дайындап, таныстырды. Өз жұмыстарында олар таңдаған мамандықтарының маңыздылығын, сол салаға қажетті кәсіби қасиеттерді және жеке уәждерін атап өтті. Жоба жұмыстары оқушылардың мамандықты саналы түрде таңдауына, зерттеу дағдыларын дамытуына және көпшілік алдында өз ойларын еркін жеткізе білуіне ықпал етті.

10
Ақпан
2026

WhatsApp Image 2026 01 22 at 17.27.07

23.01.2026 ж. «Адал Азамат» бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құндылықтарын іске асыру мақсатында мектептің өзін-өзі басқару ұйымы «Балалар көзқарасындағы заң» атты көрме стендін ұйымдастырды. Көрмеде 1–4 сынып оқушыларының «заң» мен «тәртіп» ұғымдарын шығармашылық тұрғыда түсінуін білдіретін суреттері ұсынылды.

 

10
Ақпан
2026

WhatsApp Image 2026 01 22 at 09.42.27    WhatsApp Image 2026 01 22 at 09.42.29

WhatsApp Image 2026 01 22 at 09.42.30

Оқу секторының жұмысы аясында жоғары сынып оқушылары кеңесінің мүшелері кітапханашымен бірлесіп оқушылар арасында оқулықтардың жағдайын бақылау мақсатында рейд өткізді. Рейдтің мақсаты – оқу әдебиеттеріне ұқыпты қарауды қалыптастыру және мектеп мүлкіне жауапкершілікті арттыру. Рейд барысында оқушыларға оқулықтарды сақтау бойынша ұсыныстар берілді.

10
Ақпан
2026

21.01.2026 ж. «Жас құтқарушылар» клубының мүшелерімен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі «Жеке қорғаныс құралдары» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – противогаз бен өрт сөндіргішті пайдалану бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындық жасау.

© 2026. Все права защищены.