
Тәрбиеші Илеуова К.К шағын орталық балаларымен математикадан ұйымдастырылған іс әрекетін дидактикалық ойындар арқылы ұйымдастырды. Сабақ барысында балалар санай білу, пішіндерді ажырату, көлемі мен түсіне қарай салыстыру дағдыларын бекітті. “Түстерді тап”, “Сандарды орналастыр”, “Қай пішін жасырынып қалды?” сияқты ойындар ойнатылып, әр бала жеке және топпен жұмыс жасады. Дидактикалық ойындар балалардың қызығушылығын арттырып, ойлау қабілетін, зейінін және логикалық түсініктерін дамытуға мүмкіндік берді. Сабақ соңында балалар тапсырмаларды өздігінен орындап, алған білімдерін нақты іс-әрекет арқылы көрсете алды






