
Назар аударыңыз!
Біздің мектебімізде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында макулатура жинауға арналған «Қағазды тапсыр — ағашты сақта!» экологиялық акциясы өтуде.
Акцияның өткізілу күні: 9 ақпан
Акцияның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты әрі жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ табиғи ресурстарды сақтау мәселесіне назар аударту.
Жинауға қабылданады:
қағаз
газеттер
журналдар
картон
пластик қаптамасы жоқ дәптерлер
Барлық оқушыларды белсенді қатысуға шақырамыз!
Ең көп макулатура жинаған сынып тәтті сыйлықпен марапатталады
Табиғатты бірге қорғайық, таза болашаққа өз үлесімізді қосайық!






