


Валерьянов негізгі орта мектебі жанындағы шағын орталықта "Отбасы күніне" орай ата- аналармен тәрбиеленушілердің қатысуымен «Әке, Ана және Мен» атты көңілді эстафеталық сайыс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ата-аналар мен балалар түрлі спорттық ойындарға қатысып, ұйымшылдық пен белсенділік танытты. Отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мереке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.






