Валерьянов мектебінде түлектер, ұстаздар мен ата-аналар үшін маңызды әрі әсерлі мереке — Соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті.
Мектеп басшысы құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге өз күштеріне сенімді болып, жарқын болашаққа қадам басып, армандары орындалып, алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдірді.
Түлектерге ата-аналар тарапынан да жүрекжарды құттықтаулар мен ақ тілектер айтылды.
Бұл күні түлектер үшін мектеп өмірімен қоштасудың және жаңа өмір кезеңінің басталуын білдіретін соңғы қоңырау соғылды. Мерекелік көңіл-күй, шат күлкі, әсем әуендер мен әсерлі сәттер бұл күнді барша қатысушылар үшін ерекше әрі есте қаларлықтай етті.
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Валерьянов негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Валерьяновская основная средняя школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|






