

Идеологиялық «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында 1–9-сынып оқушылары үшін мектеп фойесінде бейнероликтер көрсету ұйымдастырылды. Есірткіге тәуелділікке, алкоголизмге, лудоманияға, дропперлікке, буллингке және басқа да әлеуметтік жағымсыз құбылыстарға қарсы іс-қимыл тақырыптарында деректі фильмдер мен әлеуметтік роликтердің тізімі дайындалды.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың салауатты және қауіпсіз өмір салтына қатысты берік құндылықтарын қалыптастыру, құқықтық мәдениетін арттыру, сыни ойлау дағдыларын дамыту және өз мінез-құлқына саналы көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуының алдын алу






