
27.11.2025 ж. Валерьянов мектебінде директор Утепова Г.Е. жетекшілігімен педагогикалық ұжымның қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкілінің кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу саласында бірқатар білім беру ұйымдарында жол берілген бұзушылықтар көрсетілген хаты қаралды.
Руководитель профилактикалық жұмысты күшейтудің қажеттілігін атап өтті. Әлеуметтік педагогқа оқу жылы ішінде білім алушылардың психологиялық жағдайын мониторингтен өткізу, АСППМ HR+ платформасы арқылы жеке даму траекторияларын құру және оның нәтижелері туралы мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілеріне дер кезінде хабарлап отыру тапсырылды.
Шешілді:
1.Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкілінің хатын назарға алу.
2.Педагог-психологтың болмауына байланысты сауалнамалар жүргізу, тәуекелдерді мониторингтеу, құжаттаманы жүргізу және әкімшілікке жедел ақпарат беру жауапкершілігін әлеуметтік педагогқа бекіту.
3.Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайларда Психологиялық қолдау орталығымен, қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен және басқа да уәкілетті құрылымдармен тұрақты өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету.
4.АСППМ платформасындағы жұмыс мәселелерін аптаның әр дүйсенбісі сайын қарастырып отыруды ұйымдастыру.






