9 қыркүйекте аталып өтетін Тоғызқұмалақ күніне орай Валерьянов мектебінде тоғызқұмалақ ойыны бойынша флешмоб өткізілді. Арнайы тақталарда өткен тартысты ойындарға барлық тілек білдіруші оқушылар белсене қатысты.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақ арасында тоғызқұмалақты насихаттау, логикалық ойлауды дамыту және ұлттық дәстүрлерге құрмет көрсету.
Белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысқан барлық оқушыларға алғыс айтамыз!






