


Валерьянов мектебінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мектеп орманшыларының бригадасы белсенді жұмыс атқаруда. Оқушылардың басты мақсаты – табиғатқа ұқыпты қарау және қоршаған ортаның жағдайын жақсарту.
Орманшылар бригадасының мүшелері мектеп ауласындағы жасыл желектерге ұқыпты қарап, үлкен жауапкершілікпен жұмыс істейді. Әсіресе, бұрын отырғызылған ағаштарға ерекше көңіл бөлінеді: оқушылар оларды тұрақты түрде суарып, топырағын қопсытып, құрғақ бұтақтарын кесіп, әр көшеттің жай-күйін қадағалап отырады. Сонымен қатар, балалар гүлзарларды күтіп-баптап, мектеп ауласында көркем де жайлы атмосфера қалыптастыруда.






