
29 мамыр күні мектебімізде қорытынды аттестация басталды. 9 «Б» сыныбы үшін алғашқы сынақ – математика пәні бойынша жазбаша емтихан болды. Емтихан алдында түлектерге жылы лебізін білдіріп, сәттілік тілеген емтихан комиссиясының төрайымы Утепова Г.Е. және басқа да комиссия мүшелері сөз сөйледі. Емтихан уақыты – 180 минут. Оқушыларға өз күшіне сенімділік, мұқияттылық пен жоғары нәтижелер тілейміз






