Мектеп директоры Утепова Г.Е. мектеп формасының сақталуына байланысты мониторинг жүргізді.
Оқушыларға тағы да ескертілді: жалпы орта білім беру ұйымдарындағы бірыңғай мектеп формасы зайырлы білім беру сипатына сәйкес келеді және күнделікті, салтанатты және спорттық болып үшке бөлінеді.
Ұлдарға арналған мектеп формасына мыналар кіреді:
Көк түсті пиджак, көк түсті жилет, көк немесе қара түсті шалбар, ақ түсті салтанатты жейде, бір түсті және тыныш реңктегі күнделікті жейде немесе түймелі не сыдырмалы бір түсті және тыныш реңктегі трикотаж кофта/кардиган, бір түсті және тыныш реңктегі поло жейде немесе тенниска (қысқы кезеңде: көк түсті трикотаж жилет, бір түсті және тыныш реңктегі водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін пішімді және ұзындығы бойынша аяқтың тобығын жабуы тиіс.
Қыздарға арналған мектеп формасына мыналар кіреді:
Көк түсті пиджак, көк түсті жилет, көк түсті белдемше, көк немесе қара түсті шалбар, ақ түсті салтанатты классикалық блузка, бір түсті және тыныш реңктегі күнделікті классикалық блузка немесе түймелі не сыдырмалы бір түсті және тыныш реңктегі трикотаж кофта/кардиган, бір түсті және тыныш реңктегі поло жейде немесе тенниска (қысқы кезеңде: көк түсті трикотаж жилет, көк түсті сарафан, бір түсті және тыныш реңктегі водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін пішімді және ұзындығы бойынша аяқтың тобығын жабуы тиіс.