
"Мектепке жол" Республикалық акциясы аясында
«Первомай қиыршықтас» ЖШС-нің бас директоры Абдуллаев Рустам Ирамисовичке,
«Первомай 22» ЖШС-нің қиыршықтас зауытының бас директоры Багдасарян Виген Гагиковичке және
«Достық» шаруа қожалығының басшысы Ибрашева Лариса Васильевнаға әлеуметтік жағдайы төмен санаттағы 13 оқушыға жалпы сомасы 505 000 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетіп, белсенділік танытқандары үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.Сіздердің қолдауларыңыз балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, мейірімділік, қайырымдылық және жас ұрпаққа қамқорлықтың жарқын үлгісі болды.Ізгі ниеттеріңіз еселеніп, отбасыларыңызда татулық пен бақ-береке орнасын, еңбектеріңізде әрқашан табыс, молшылық және өркендеу серік болсын деп тілейміз!






