
Валерьянов мектебінде ұлттық дәстүрлерді сақтау және оқушылардың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ұлттық ойындар» секциясы өз жұмысын жалғастыруда.
Секция жұмысы барысында қазақтың ең танымал ұлттық ойындарының бірі — асық атуға ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылар ату техникасын меңгеріп, мергендігін, ептілігін және стратегиялық ойлау қабілеттерін жетілдіруде.
Балалар асық ату бойынша аудандық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, жоғары дайындық деңгейі мен спорттық рухтарын көрсетіп жүр.
Аталған секция мектептің тәрбие жұмысының маңызды бөлігі болып табылады және оқушылардың ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді






