
«ЕҢБЕГІ АДАЛ – ЖАС ӨРЕН» жобасы аясында 9-сынып оқушылары болашақта өз өмірлерін байланыстырғысы келетін мамандықтары бойынша жобаларын өз бетінше дайындап, таныстырды. Өз жұмыстарында олар таңдаған мамандықтарының маңыздылығын, сол салаға қажетті кәсіби қасиеттерді және жеке уәждерін атап өтті. Жоба жұмыстары оқушылардың мамандықты саналы түрде таңдауына, зерттеу дағдыларын дамытуына және көпшілік алдында өз ойларын еркін жеткізе білуіне ықпал етті.






