
25.12.2025 ж. мектебіміздің оқушысы оқудағы және түрлі іс- шараларға белсенді қатысып, орындарға ие болған Нағашыбай Ибраһим Қостанай қаласында өткен республикалық жаңа жылдық іс-шара — Президенттік шыршаға қатысты. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды мәдени-танымдық бағдарламамен ерекшеленді және қатысушыларға жағымды көңіл күй сыйлап, қымбат сыйлықтар берілді.
Іс-шараның мақсаты:
оқу, шығармашылық және қоғамдық өмірде жетістікке жеткен балаларды ынталандыру және әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ Жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл күй қалыптастыру.






