

Бүгін балалармен тазалық сақтау және қол жуу туралы әңгіме жүргізілді. Балалар қолды қашан және не үшін жуу керек екенін білді. Тамақтанар алдында, далада ойнап келген соң, дәретханадан кейін қол жуу – денсаулықты сақтаудың маңызды бөлігі екені түсіндірілді. Сабын мен судың микробтардан қорғайтыны айтылып, тәжірибе арқылы да көрсетілді. Балалар өз қолдарын дұрыс жуып үйреніп, тазалықты сақтау — әр баланың әдетіне айналуы керектігіне көз жеткізді






