
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Республика күнімен құттықтаймын! 25 қазан біздің ел үшін ең маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні, 1990 жылы Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл елдің тәуелсіздікке алғашқы қадамы болды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2022 жылы 25 қазан – Республика күні қайтадан ұлттық мереке ретінде күнтізбеге енгізілді. Осы мерекелік күн сіздердің жүректеріңізді бірлікке және ұлы мемлекеттің гүлденуіне деген құлшыныспен толтырсын. Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, шығармашылық шабыт, кәсіптік жетістіктер, Отанымыздың игілігі үшін жемісті еңбек тілеймін! Барлық бастамаларымыз оң нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!






