


15 тамыз күні КММ «Валерьянов негізгі орта мектебінің» шағын орталығының тәрбиешісі Илеуова Клара Қолғанатқызы «Адал азамат – кәсіби маман: заманауи мектептің стратегиялық бағдары» тақырыбындағы тамыз конференциясы аясында мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің секциялық отырысына қатысып, «3–4 жастағы балалардың сөйлеу тілін ертегілер мен дидактикалық ойындар арқылы дамыту» атты практикум өткізді және өз тәжірибесімен бөлісті.
Ертегілер мен дидактикалық ойындар – сөйлеу тілін дамытудың ең табиғи және тиімді жолы. Олар баланың жас ерекшеліктеріне сай, қызықты және тәрбиелік мәні жоғары. Тәрбиеші бұл құралдарды жоспарлы, жүйелі және шығармашылық тұрғыдан қолданған жағдайда 3–4 жастағы балалардың сөйлеу тілі белсенді дамитынын, ал бұл мектепке даярлаудағы маңызды қадам екенін атап өтт






