


Бүгін біз «Күншуақ» жазғы мектеп жанындағы алаңының бірінші маусымын аяқтадық!
Таңертеңнен бастап балалар таза ауада серуенге шықты — оларды көңілді ойындар, қимылды тапсырмалар мен қуатқа толы күн күтіп тұрды. Күн белсенді дене жаттығуынан және тірі табиғаттың бірегей әлемі туралы танымдық әңгімеден басталды — балалар жануарлар мен өсімдіктер туралы көптеген жаңа және қызықты мәліметтер алды.
Содан кейін балалар «Жаулықтағы түймедақтар» атты шеберлік сағатына қуана қатысып, артынан «Сиқырлы ертегі — оригами» шығармашылық сабағында өз өнерлерін көрсетті.
Планетамызға қамқорлық жасау тақырыбына ерекше назар аударылды. «Біз планетаға қалай көмектесе аламыз?» атты ойын-сұхбат барысында балалар экологиялық әдеттер туралы әңгімелесіп, өз ойларымен бөлісті.
Күн шығармашылық, достық пен табиғатқа деген қамқорлық рухында өтті!
Көңілді, қызықты әрі өте жылы болды! Барлық балаларға үлкен рахмет!






