Бүгін «Күншуақ» лагерінде Денсаулық және спорт күні өтті!
Таңертең балаларды сергектікке баулыған белсенді таңғы жаттығумен басталды.
Одан кейін тілдік мектеп аясында Жұбатова А.Ф. жетекшілігімен ағылшын тілі бойынша тақырыптық сабақ өтті. Балалар жануарлар әлемін танып, жаңа мәліметтер алып, қызықты деректермен бөлісті.
Дәмді таңғы астан соң барлық балалар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысу үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәушева Г.Д. өткізген сабаққа белсене қатысты.
Содан кейін балалар қозғалыс ойындарына қатысып, күліп-ойнап, шапшаңдықтары мен достықтарын көрсетті.
Күн көңілді, белсенді және денсаулық пен рухани серпінге пайдалы өтті!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Валерьянов негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Валерьяновская основная средняя школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|