Бүгін Валерьянов жалпы орта мектебінде күндізгі лагерьдің ашылу өтті. Лагерь "Күн шуақ" деп аталады. Алда балаларды ойынға, шығармашылыққа, жақсы көңіл күй мен жаңа достыққа толы қызықты күндер күтуде.
Педагог-психолог Зулкарнаева Ж. жетекшілігімен Психологиялық қолдау жазғы алаңы өз жұмысын бастады.
Бірінші күн қатысушылармен танысу мен еркін қарым-қатынас орнатуға арналды. Балалар ойлау икемділігін дамытуға және достық, қолдаушы атмосфера құруға бағытталған жаттығулар орындады.
Одан кейін лагерьдің табысты және қауіпсіз өтуі үшін маңызды ұйымдастыру шарасы өтті:
🔹 техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық;
🔹 лагерь күн тәртібімен таныстыру;
🔹 барлық қатысушылар үшін тәртіп ережелерін еске салу.
Ұйымдастыру бөлігінен кейін балалар асфальтқа сурет салу сияқты шығармашылық тапсырманы орындады. «Жаз күлкімен басталады!» ұранымен балалар күн, табиғат, лагерь және достарын бейнеледі.
Содан кейін таза ауада көңілді қимылды ойындар ойнатылды. Мысалы, "Допты жеткіз" ойыны балаларға қуаныш пен жақсы көңіл күй сыйлады. Жазғы ауысым енді ғана басталды, алда әлі талай қызықтар күтуде! "Күн шуақ" — әр күніңіз шуақты болсын!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Валерьянов негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Валерьяновская основная средняя школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|