

2025 жылғы 8 мамырда Валерьянов мектебінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіштің жанында Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты жиын өтті.
Мектеп ұжымы мен оқушылар ерлердің рухына терең құрметпен бір минут үнсіздік жариялап, олардың ерліктерін еске алды.
Оқушылар соғыс, ерлік пен бейбіт өмірдің құны жайлы жүректі тербейтін өлең жолдары арқылы өз сезімдерін жеткізді .Іс-шара — бүгінгі ұрпақтың бейбіт аспан үшін алғыс білдіруі мен соғыссыз өмір сыйлаған батырларға деген ризашылығының көрінісі болды.






