
Шағын - орталықтың тәрбиешісі ата-аналармен пайдалы кездесу өткізді. Ол балалардың ауыз қуысы гигиенасын дұрыс сақтау туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Тіс күтімін ерте жастан бастау маңызды екенін, қандай құралдарды пайдалану керектігін және балалардың тістерін қалай дұрыс тазарту керек екенін түсіндірді. Ата-аналарға тіс күтімі бойынша ұсыныстар жазылған жадынамалар таратылып, бұл олардың балалардың денсаулығына дұрыс көңіл бөлуіне және пайдалы әдеттерді қалыптастыруына көмектеседі.






