
ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІС!
28–29 қазан күндері Қостанай қаласында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Мектебіміздің намысын «Құқық негіздері» пәні бойынша 9-сынып оқушысы Тарасенко Нелли қорғады.
Зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша Нелли өзінің терең білімін, жоғары дайындық деңгейін және пәнді жетік меңгергенін көрсетті. Олимпиадаға қатысқан барлық үміткерлер арасында ең жоғары ұпай жинап, өзгелерден айтарлықтай басым түсіп, І орынға лайықты түрде ие болды!
Бұл жеңіс – оқушының мақсаткерлігі, табандылығы мен еңбекқорлығының, сондай-ақ жетекшісінің кәсіби шеберлігінің жемісі.
Неллиді жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Өз күшіне сеніп, жаңа зияткерлік белестерді бағындырып, алдағы уақытта да толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!
Жеңімпазды дайындаған жетекшісі Утепова Г.Е. ерекше алғыс білдіреміз!
Оқушымызды мақтан тұтамыз! Мектебімізді мақтан тұтамыз!






