Оқу жөніндегі басшының орынбасары Ахмеджанова Р.Р "Баланы мектепке қалай дұрыс дайындау керек" консультациялық пунктінен болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен әңгімелесті. Кездесу мектеппен танысуға арналды, балалардың мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу мәселелері талқыланды. Ата-аналарға ұсыныстар беріліп, "Баланы тәртіпке қалай үйрету керек"жадынамалары таратылды. Мақсаты: болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарын баланы мектепке дайындау процесіне қосу үшін жағдай жасау.









