

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» жобасы аясында Валерьянов кітапханасында кітаптарға қолжетімділікті ыңғайлы әрі заманауи форматта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. 6–9 сынып оқушылары мен педагогтар кітапхана қорындағы қажетті әдебиеттерді ала алады, сондай-ақ ақпараттық стендтерге орналастырылған QR-кодтар арқылы кітаптарды жүктей алады. Мұндай мүмкіндік әр оқырманға өзіне қолайлы оқу тәсілін таңдап, кез келген уақытта және кез келген жерде жобаға қатысуға жағдай жасайды..






