11.11.2025 ж. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыс аясында Валерьянов мектебінде оқу эвакуациясы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдай туындаған кезде оқушылар мен қызметкерлердің іс-қимылдарын пысықтау болды.
Дабыл сигналы берілген соң мұғалімдер оқушыларды мектеп ғимаратынан қауіпсіз қашықтыққа ұйымдасқан түрде шығарып, кейін эвакуация кезіндегі іс-қимыл ережелері бойынша нұсқаулық өткізді.
Мұндай жаттығулар оқушылардың қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын және төтенше жағдайда дұрыс әрекет етуге дайын болуын қалыптастырады.
|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Валерьянов негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Валерьяновская основная средняя школа отдела образования района Беимбета Майлина» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|






